Түркістан облысының аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасын табуда.
Нәтижесінде облыс аумағында іс-шарасының екі тәулігінде ювеналды полиция қызметкерлері 412 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде: Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 22 құқық бұзушылық анықталды. Ал жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Қоғамдық орында мас күйінде болу» бойынша 13 құқық бұзушылық тіркелді. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болған 35 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Оған қоса ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы» 331 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шарасы көрілген. ІІО-да профилактикалық есепке барлығы 66 адам қойылды. Онда құқық бұзушылыққа бейім 33 кәмелетке толмағандар мен 30 қолайсыз отбасы бар.
Мәселен облыс орталығында Түркістан ҚПБ-ның тәртіп сақшылары түнгі уақытта рейд жүргізді. Нәтижесінде заңды өкілінсіз жүрген 10 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, Түркістан қаласында орналасқан ойынхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» әкімшілік жауапкершілігі қаралды.
Жалпы «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты — қылмыстың алдын алу және жолын кесу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарды (кафе, компьютерлік ойындар, саябақтар, аулалар) және басқа да орындарды тексереді. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері аталмыш іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларында өткізіліп жатқанын хабарлайды.