Жарияланды: 26.11.2022

Зорлық — зомбылыққа жол жоқ

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындаы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық,ерте жүктілік, аутодиструктивті мінез-құлықтың, тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында 8-9-10 сынып оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор меңгерушісі Ж.Абылова, Арыс АПБ-нің ЖПҚ-нің КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Н.Әбжан, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары Д.Әмірбекова, К.Төрехан, ТІЖДО, мектеп мұғалімдері қатысты. Сондай -ақ Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беру мекемесінде, АПБ ЖПҚ КТІЖ УПИ қызметкерлері және «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының психологы К.Төлебаева жоғарғы сынып оқушыларына құқықбұзушылық, нашақорлық,ерте жүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың, әлімжеттіктің, зорлық -зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында- құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, зорлық-зомбылық, тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық, азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі екендігі және басқа да тұрғыдағы заңға қайшы әрекеттерді байқаған немесе осы жағдайларды бастан кешіп жатқан тұлғалар болса, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторына және құқық қорғау органдары тарапынан берілетін құқықтық-психологиялық көмектерге жүгіне алатындығы жайлы айтылып, түсіндірілді және үнпарақтар таратылды.  Жиын соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарып қойып, кеңес алды.

 

564 қаралым