Жарияланды: 26.11.2022

Туристік полицияның атқарар жұмысы ауқымды

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туристерді тартуда елге саяхаттап келген шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін айтқан болатын. Міне сондықтан туристік аймақтардың қатарына кіретін тарихи қала Түркістанда туристік полиция құрылып, сапалы қызмет көрсетуде.  Өз кезегінде шетелдіктер мен инвесторларды тарту, шетел азаматтарының елде болу кезінде жайлылық пен қауіпсіздік — туристік полициямен қамтамасыз етіледі. Елімізде Түркістан облысының орталығы  Түркістан қаласы туристер көп келетін аймақ және туризм мен зиярат ету орталығының бірден-бір мекені екендігі белгілі, мұнда көптеген алыс-жақын шетелдерден қонақтар жиі келеді. Туристер облысымызда Қ.А.Яссауи кесенесіне, Арыстанбабқа және де басқа киелі орындарды аралап көруге құмартады. Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады, оның 5 бірлігі Қ.А.Яссауи кесенесінде болса, қалған 5 бірлік Отырар ауданы Полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілді. Әр обьектіде модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылып, жұмыс режимі бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған және «Tourist Polise» жазуымен нысанды киімдермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Түркістандық туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттері жоғары болуымен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген, тарихты біліп, туристерге туындаған мәселелерін шешу үшін өзге құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамыз етуде қызмет жасауға дайын.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, туристік полиция қызметкерлері ең көрікті жерлер болып табылатын бес ауқымды нысандарда қызмет атқаруда.

 

 Полицейлеріміз қаланың басты тарихи орны Қ. Яссауи кесенесінің аумағына бекітілген. Талай рет шетелдіктерге көмектесіп, жоғалған заттарын тауып беріп, мереке кезінде құттықтап, туристік аумақтың дамуына үлес қосып келеді.  Туристік полицейлеріміз өз қызметтеріне әбден дағдыланған. Ана тіліміз қазақ тілінде, сондай-ақ қытайша, ағылшынша, түрікше, өзбекше, орысша мүдірмей сөйлейді.

 

340 қаралым