Жарияланды: 26.11.2022

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басым міндеттердің бірі

 

 

Бүгінде Түркістан облысындағы барлық аудандарда зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында түрлі жиындар өткізілуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының полицейлер «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбында ауқымды шара өткізді. Яғни, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Абдухамит Абибуллаев, көпсалалы колледж ғимаратында мұғалімдер мен 9-10-11 сыныптың 150-ге жуық оқушыларын қатыстыра отырып, кездесу өткізді.

Кездесуде полиция қызметкеріне студенттер арасынан қызды алып қашқан адамға қандай жаза қолданатыны бойынша сұрақ қойылды. Полиция лейтенанты Абдухамит Абибуллаев жастардың қойған сауалдарына жауап беріп, құқықбұзушылық, ертежүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мәселелерінде айтып өтті. Отбасындағы зорлық-зомбылық деректерін анықтау мақсатында, сауалнамалар жүргізілді.

Сонымен қатар аудандық емхананың дәрігерлері оқушыларға ертежүкітліктің басы зорлық-зомбылықтан басталатынын, тіпті кей жағдайда оның соңы суйцидпен бітетінін айтып, оның алдын алу, болдырмау мақсатында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ Отырар ауданында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілуде

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкері полиция лейтенанты Забира Абылайқызы, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда зорлық-зомбылыққа ұшырамаудың алдын алу, болдырмау бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар құқық қорғау саласы зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балаларды қорғайтынын, олар үшін арнайы ұйымдар бар екендігін де ескертті. Тәртіп сақшылары кездесуге келген әйелдерге «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясына қатысты брошюралар таратты.

Полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға үгіт-насихат жүргізуде

Бұдан кейін Төлеби аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Ақмарал Амантайқызы Боташева «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тиісті мамандар адам көп шоғырланатын орындарға барып, тұрғындармен сөйлесіп, түсіндіріп брошюралар таратты.

Төлебилік полицейлер күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Тұрғындардың сұрақтарына тұщымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі. Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап береді. Сондықтан егер, сіз, отбасында зорлық-зомбылық көрсеңіз немесе басқа адамның осы жағдайға тап болғанынан хабардар болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

 

509 қаралым