Бүгінде еліміз бойынша тұрмыстықт зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша ауқымды акциялар ұйымдастырылуда. Соңғы әлетте Түркістан облысы орталығында 400-ге тарта тұрғын қорғау нұсқамасына алынған.
Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын орындарға барды.
Онда зорлық-зомбылық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлап, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр тұрғынмен жеке сөйлесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар әйелдердің құқығы заңмен қорғалатынын айтты.
Қазіргі таңда Түркістанда 378 тұрғын қорғау нұсқамасына алынып, 49 тұлғаға ерекше талап қойылған. Сондай-ақ 35 жанұя жайсыз отбасы ретінде тіркелді. Ал полицейлер осы тіркелген жайсыз отбасылар мен қорғау нұсқамасына алынған тұлғаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Отбасындағы зорлық-зомбылық ең алдымен ана мен балаға әсер етері анық. Яғни жанұясында түрлі зорлықты ұрып-соғу, жанжалды көріп өскен баланың санасы уланары сөзсіз. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары түрлі кездесулер, тұрғындар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен Келес аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары тұрғындармен кездесіп, тақырыпқа қатысты брошюралар таратты.
Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы болғандықтан, кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап беретіндігін ескертеді.
Сауран аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Мадина Баймаханның ұйымдастыруымен «Қызыл әскер» мектебінде келелі кездесу өткізілді. Іс-шараға полицеймен бірге психолог мамандар қатысып, мектеп оқушыларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Әсіресе қыз баласының тәрбиесі жөнінде, сондай-ақ отбасы жайында қозғалып, құнды ақпараттар айтылды. Оқушыларға отбасындағы, қоғам алдындағы жуапкершіліктері, сондай ақ заңға қайшы әрекетке бармаулары бойынша да ақыл-кеңес айтылды. «Қыз баланың міндеті мен тәрбиесі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Және психолог мамандары кері байланыс жасап, сұрақ қою арқылы қатысушы қыздарымыздың ойларын тыңдап, сырласу сәті өткізілді.
Сонымен қатар полиция аға лейтенанты М.Баймахан, басқа да оқу орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Одан бөлек профилактикалық бақылау есебіне алынған, қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралап шықты. Олардың жұбайларымен тиісті деңгейде сұхбаттар жүргізді. 102-ге түскен хабарламалар бойынша азаматшалардың тұрғылықты мекенжайына бекітілген учаскелік полиция инспекторларымен бірге барды.Қажеттілерін қорғау нұсқамасына алып, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.