Жарияланды: 26.11.2022

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерінде атқарып жатқан жұмысы ауқымды

 

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерінде атқарып жатқан жұмысы ауқымды

 

 

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Тынымбекұлы Күлдербаевпен сұхбат

 

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап берсеңіз… Облыста қорғаныс саласы бойынша бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

 

Әскерлеріміздің жеке құрамын толықтырудағы орыны ерекше, Қарулы Күштер мен Халықтың арасындағы байланыстың негізгі саласы болып саналатын – жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлері Түркістан облысының қалалары мен аудандарында орналасқан қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерінде атқарып жатқан жұмысы ауқымды.

Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және оларды, мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттілігі үшін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды өрістету іс-шараларын орындайды. 

Армияны цифрландыру аясында жергілікті әскери басқару органдары көрсететін қызметтердің 93%-ын электрондық форматқа көшірілгенін атап өткен жөн. Бұл азаматтарға барлық қажетті құжаттарды онлайн-форматта қашықтан алуға мүмкіндік береді.

Мысалға, әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды хабарландыру үдерісін мобильдеу және автоматтандыру мақсатында, 1414 қызметі SMS-хабарландыру бойынша тиісті әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды: 

—   әскери қызметке немесе жиындарға шақыруға;

—   медициналық куәландыруға;

—   әскерге шақырушыларды зерделеу үшін жергілікті әскери басқару органдарына шақыру жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.

 

– Жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында мектептерде, колледждерде қандай да бір шаралар ұйымдастырылады ма?

Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары әскери қызметтің имиджі мен беделін көтеруге бағытталған қоғамдық іс-шараларға, сондай-ақ өңірлердегі қоғамдық бірлестіктер мен ардагерлер ұйымдары жұмылып өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысады.

 

— «Айбын–2022» облыстық әскери-патриоттық жарысына биыл қандай дайындықтар жүргізілді? Жалпы жастардың ынтасы, қызығушылығы қалай?

Бірінші кезекте, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл бірегей әскери-патриоттық іс-шара екен атап өткен жөн. Оның мақсаты – елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру.

Аймағымыздың жас патриоттары жыл сайын бұл жиыннан тек қана жүлделі орындармен оралады. Өткен 3 жыл бойы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері «Айбын» республикалық жастар жиыны аясында жүлделі орындарға ие болып, үздік нәтижелер көрсетуде.

Осы жылы өткен жиынға қатысты нақтырақ тоқталсақ. 600-ге жуық жасөспірімнің басын қосқан жиын тартысты, табанды күресте барлық өңірден келген ұл-қыздар зияткерлік және шығармашылық байқауларда, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткен жарыстарда бағын сынатты. Ал сайыстың қорытындысы бойынша II орынды Түркістан облысының «Арыс» әскери-патриоттық клубы олжалады.  Бұл жетістікке жету үшін өте үлкен жұмыс жасалды.

Мамыр айында Қарулы күштердің 30 жылдығы аясында «Айбын-2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына іріктеу жарысы Түркістан облысының Сайрам ауданында аймақтың 10-11 сынып оқушыларының басын қосты.

Сайысқа Түркістан облысының 13 ауданынан және Түркістан, Кентау мен Арыс қалаларынан келген жалпы саны 305 оқушы қатысты. Жиын ережесіне сәйкес, әр облыстан 15 оқушы, яғни, 10 ер, 5 қыз бала анықталып, облыс намысын қорғайтын болады.

Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де  әділқазылар алдында сынға салды.

 

Отан қорғаушы болашақ жастардың әскерге баруға деген ынтасы қалай? Ол үшін алдын ала түсіндіру, ақпарат жұмыстары жүргізіледі ме?

Болашақ жастарымызды әскерге шақыру кезінде үгіт насихат жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылады. «Айбынды жастар-Жаңа қазақстанның тірегі» атты акцияның негізінде ерлік сабақтары мен салтанатты әскерге шығарып салу іс-шаралаы ұйымдастырылады. Іс-шараларға Ауған соғысы ардагерлері мен ҚР ҚК ардагерлері қатыстырылып, олардың ерліктері дәріптеледі.

 

– Әскерге баратын жастардың денсаулық дәрежесі қалай?

ҚР ҚК әскери міндетті өткеру қағидаттарының негізінде жастардың денсаулығы зерделенетін болады. Олардың денсаулығы менморальдық психологиялық жай-күйінің дұрыс болуы басты назарда.

 

 

– Әскери қызметкерлерге жасалып жатқан жағдай көңілдеріңізден шығады ма?

Әрине, Әскери қызметшілердің жалақысы, әлеуметтік қамтамасыз ету жолындағы жүйелі жұмыстардың арқасында бұрынғыға қарағанда әлде қайда жоғары. Әскерилер мен олардың отбасының жағдайын жасау, оларға пәтер жалдап тұруына берілетін қаржы, отбасы банк арқылы алатын ипотекалық несиелердің жеңілдіктері қарастырылған. 

– Әскерилерге қосымша тағы да қандай арытшылықтар берілуі тиіс деген ойдасыз?

Әскерилерде 8 сағаттық жұмыс уақыты деп белгіленбеген, олар 24 сағат бойы қызметтерін атқара береді. Сондықтан нарықтық жағдайға байланысты әскерилердің жалақысы көлемді түұрде көбейтілсе деген ұсынысым бар.

– Қыз балалардың әскер саласында қызмет етуіне қандай да бір артықшылықтар қарастырылады ма?

Нәзік жандылар әскер саласында ер азаматтармен бірдей қызмет атқаруда. Олардың санын көбейту, әскери оқу орындарында оқыту мәселелері қарастырылуда.

 

 — Биыл әскерде қызмет етуге қанша азамат шақырылады?

Бүгінгі таңда 2022 жылы күзгі шақыру жұмыстары басталып, азаматтарымызды Отан алдындағы борышын өтеуге жіберу толыққанды жүргізілуде.

2022 жылы күзгі шақыру жұмыстары басталмас бұрын, Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқарма, бөлімдері үлкен дайындық жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда:

—        Шілде айынан бастап шақырылушыларды шақырып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

—        Зерделенген әрбір шақырылушы өзінің денсаулығы, білімі, моральды-психологиялық жағдайына байланысты Қарулы Күштер және басқа да әскерлері мен әскери құрылымдар түрлеріне тағайындалды.

2022 жылдың күзінде Түркістан облысынан барлығы 2000-нан астам шақырылушы шақырылуы тиіс. Қазіргі таңда аймақтан 1000-ға жуық азамат  Мемлекеттік күзет қызметіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеуге кірісіп кетті.

 

Алдағы маусымдарда әскерге шақырудың қандай да бір жаңашылдық бағыттары туралы айтып өтсеңіз?

 

Мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздарға арналған БІЛІМ БЕРУ ЖЕҢІЛДІКТЕРІ:

Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін 2 жыл ішінде, ҰБТ –ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-дарға оқуға түсу мүмкіндігі;

  1. Анағұрлым лайықты әскери қызметшілер үшін ЖОО-дардың гранты есебінен тегін жоғары (оның ішінде жоғары білімнен кейінгі) білім алу мүмкіндігі;
  2. Емтихансыз грант негізінде ЖОО-ның әскери кафедрасына (офицер атағын алу үшін) түсу мүмкіндігі;
  3. Анағұрлым лайықты әскери қызметшілер үшін емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсу мүмкіндігі.

Отанды қорғау қай заманда да қасиетті парыз болып саналған, ал әскери қызмет өткеру–  әрбір ер азаматтың міндеті.

Мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару қолдану, күрделі әскери техниканы меңгеру дағдыларын игеруге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, денені шынықтырып, рухани нығаюға ықпал етеді.

Әскери қызмет әр жас жігіттің заңды түрде белгіленген міндеті екенін, ал оны өткеруден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты көздейтінін түсіну маңызды.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезінде біз жұмысты барынша ашық форматта жалғастыратын боламыз.

Кез келген адам қажетті ақпарат алу үшін хабарласа алады  және барлық сұрақтарына жауап беріледі. Ол үшін Қорғаныс істері жөніндегі департаментте, басқарма мен бөлімдерде «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе жұмыс істейді, әлеуметтік желілерде электрондық пошта жәшіктері мен ресми аккаунттар ашылды.

Ұсынылып отырған мүмкіндікті пайдаланып, біздің облысымыздың барлық тұрғынына айтарым әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін ақша үшін көмек көрсетуге уәде беретін адамдар арқылы шешуге әрекет етпеңіздер!

Олар– әскерге шақырылушыға заңды түрде әскерге шақыруды кейінге қалдыру тиіс болса да, халықтың ол туралы хабарсыз болуын пайдаланатын алаяқтар.

Ақша бопсалау, туындаған мәселелерді шешуді ұзаққа созу  және басқа да сыбайлас жемқорлық сипаты жағдайлары бойынша  жедел шаралар қабылдау және туындаған жағдай бойынша кеңес алу үшін  Қорғаныс істері жөніндегі департаментте «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» атты жобалық кеңсесіне жүгіну немесе сенім телефонына хабарласу қажет.

Біз әрқашан Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз!

 

 – Әскери қызметін өтеп болған соң осы салада қалғысы келетін азаматтар келісімшарт бойынша қызмет атқара ма?

 

Бүгінде көптеген әскерге шақырылушы азаматтарға Отанды қорғау олардың қасиетті парызы болып табылатынын түсіндіре отырып, әскери борышын өтеу жауапкершілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Осыған орай жергілікті әскери басқару органдары тарапынан жастарды әскерге шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда Түркістан облысының қалалары мен аудандарында осы тақырыпқа арналған билбордтар мен баннерлер жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) арқылы байланыс жасалынып, ілінді. Одан басқа бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда әскер өміріне арналған мақалалар, роликтер  жариялануда.

ҰОС ардагерлерінің, басқа да мемлекеттердің аумағындағы ұрыс іс-қимылдарының ардагерлерінің, діни конфессиялар өкілдерінің қатысуымен облыстық әкімдікте жастарды әскерге шақыру тақырыбына арналған кеңес өткізілді.

Кеңесте көтерілген тақырыпқа сәйкес имамдарға мешітке келетін жастарды дұрыс бағытқа қарай бұру, әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеу қажеттігін айту туралы және ҚК ардагерлеріне, басқа да мемлекеттердің аумағындағы ұрыс іс-қимылдарының ардагерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма қойылды.

Жастардың патриоттық тәрбиесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының орта арнаулы және жалпы оқу орындарында «Ерлік сабақтары» өткізілуде.

Түркістан облысына берілген тапсырысы бойынша қазіргі таңда Отанымыздың шекарасын күзетуге шақырылушыларды жіберу жұмыстары жүргізілуде.

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында белгіленгендей биылғы жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіледі. Сайлау күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде өтеді. Ұлт болашағын ойлау үшін халықпен бірге Қарулы Күштері де сайлауға қатысып, бірдей жұмыла атсалысатынына сенемін.

 

 

885 қаралым