Жарияланды: 26.11.2022

Жабайы жануарларды заңсыз аулау жайтын анықтады

 

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторлары жабайы жануарларды заңсыз аулау жайтын анықтады. Нақтырақ айтсақ рейд кезінде созақтық полицейлер Орман-қорық жеріндегі жайылымдық жерден қояндарды аулаған қойшыны анықтады. Сондай-ақ орта жастағы азаматтың үйін тінту кезінде 16 калибрлі тәркілеген аңшы мылтығы табылды. Тәртіп сақшылары браконьерден өлтірілген 3 дана қоян мен қаруды тәркілеп, жағдайды анықтау үшін азаматты полиция бөліміне жеткізді.

Құқық бұзушыға қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі «жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу» және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

447 қаралым