Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан№101 жалпы орта мектебінде кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жалпы жиналысқа мектеп директоры м.а К.Сидиқов, мектептің педагогикалық ұжымы, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Т Абдираимов, қамқоршылық комитети торағасы А Абдираимов, әкелер комитети торағасы А.Сайдахметов тізімі қоса беріліп отырған мектептің білім алушыларының ата-аналары қатысты. Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101ЖОМ-те, «Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 23.09.22 жылғы №43-03-03/423 санды хаты, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтың 08.09.2022 жылғы №20/01-10/1738 санды хаты мен ҚР Ұлттық Қауіпсздік комитетінің Сайрам аудандық бөлімінің хаттарына сәйкес, «Теріс діни ағым жетегінде кетіп қалудың алдын алу» іс-шарасыны өткізу мақсатында ата-аналар мен жиналысты сынып жетекшілері және ТІЖДО З. Абдукадиров ұйымдастырып өткізді. Күн тәртібінде, жалпы орта білім беру ұйымында білім алушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы бойынша алгоритми, мектепте оқушылар ережесіне бағыну, мектеп формасы, тазалық және жеке гигиенаны сақтауы туралы, Құқық бұзушылықтың алдын алу, синтетикалық есірткі, нашақорлықтың және теріс діни ағымдардың ықпалының алдын алу, оқушыларды тиім салынған сайттардан сақтау мәселесі, Қыздар арасында ерте жүктілік және оның алдын алу мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша сөзге шыққан мектеп директоры м.а К.Сидиқов және ОІЖДО И.Шакировтардың баяндамалары тыңдалды. Педагог-психолог Ш.Абдираззаков Оқушылар арасында құқық бұзушылықты, зорлық-зомбылыққа жол қоймау жолдары, оның алдын алу іс-шаралары ұйымдастыру бойынша және оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау, психологиялық қолдау көрсету мақсатында, мектеп педагог-психологтары оқушылардан эссе, тест, сауалнама алуға диагностика, коррекция, жеке, топтық, түзету дамыту жұмыстарын жүргізуге психологиялық кеңестер беруі туралы ата-аналарды хабардар етсе, ТІЖДО М.Астанова Қыздар арасында ерте жүктілік және оның алдын алу мәселелері бойынша «Қызды қырқ уйден тию» атты баяндамасын түсіндіріп, қыздарға ерте жыныстық қауіпінің әсері, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша не істеу керегі, оның өзекті мәселе екенін түсіндіріп, жасөспірім қыздардың жеке гигенасы, тазалық шараларын қалай жүргізу туралы және етеккір циклі туралы және қыздар тәрбиесі туралы, мектеп формасы, тәртіп және тазалық туралы көп насихаттар айтып, ерте жүктілік және оның салдары, әрбір қыздың өмірі өздерінің келешегі үшін қымбат яғни денсаулықтарының жақсы болуы өздеріне байланысты екенін түсіндіріп өтті.
ТІЖДО З. Абдукадиров мектепте сабақ уақытында оқушылардың мектеп формасы, галстугі және тазалық гигиенасыны сақтауға шақырып, шаштарын қысқартуға, сақалдарын алып, мектепке таза болып, санитарлық жеке гигеналық жағдайын сақтап жүруге шақырды. Одан бөлек, «Қоғамға қызмет ету жобасы» аясында атқарған жұмыстар, әр-турлы акциялар, оқушылардың жұмыстары және жетістіктері туралы фейсбук парақшаларыдағы мәліметтер мен болысып, сондай іс-шараларды жалғастыру үшін әлеуметтік желілерге шығаруға мектеп директоры орынбасарларына сенім артса және оны жариялауға ата-аналар келісім берсе екен деп талабын қойды. Құқық бұзушылықтың алдын алу және теріс діни ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында, жалпы орта білім беру ұйымында білім алушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы бойынша алгоритмі бойынша түсіндіріп: — Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы, 15-1 тармағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті»;
— Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабы, 2-тармының 6) және 7) тармақшалары «Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер: білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті»;
— Талаптың 2-бөлімі, 21-тармағы «Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді»;
Егер де білім алушының ата-анасы (өзге де заңды өкілі) профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін Талаптың, ішкі тәртіп ережесінің, Жарғының, келісім шарттардың бұзылуын жалғастырған жағдайда, мектеп директоры тиісті құжаттарын жинақтап, жасөспірімдер ісі және құқығын қорғау бойынша құрылған комиссияға жолдайды,-деп түсіндіріп өтті.
Сайрам ауданының әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтың 08.09.2022жылғы №20/01-10/1738 санды хаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сайрам аудандық бөлімінің хаттарына сәйкес мектепте форма сақтамай, мекеменің ішкі тәртібіне бағынбай жүрген оқушылар арасында тиісті жұмыстар атқару мақсатында төмендегі шараларды қабылдап, бөлімге құжаттар тізбесін ұсыну тапсырылады. Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қабылданады.
-Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы,15-1 тармағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті»;
-Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген ата-аналардың (өзге де заңды өкілі) міндеттерін орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі ҚР ӘҚБтК) 409-бабы, 2-тармағы бойынша ескерту немесе 5 (бес) АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу көзделген.
-Осы баптың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік)-рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады,-деп сынып жетекшілері ескертіп өтті. Жиналыс соңында қаулы қабылданды.