Жарияланды: 26.11.2022

Құқықтану мамандығының студенттерімен кездесіп, ашық есік күнін өткізді

 

Бүгін Түркістан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен Ахмет Ясауи атындағы Түркістан кәсіби колледжінің құқықтану мамандығының студенттерімен кездесіп, ашық есік күнін өткізді.

Жиналыс барысында бөлім басшысы Ә.Серікбаев студенттерге Түркістан облыстық соттың құрылу тарихын жеткізіп, осы сотты басқарған төрағаларын таныстырды.

Сонымен қатар, Соттар Әкімшісінің әр құрылымдылық бөлімшелердің қызметтеріне тоқталып, соттардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға құжат тапсыру, конкурстың өту тәртібін түсіндіріп өтті.

Әкімішілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Байтурова өзінің студенттік шақтарын еске алып, оқушылармен бөлісті. Сонымен қатар, соттың қызметіне тоқталып, қазіргі уақыттағы сот төрелігін асырудағы жаңашылдықтарын түсіндірді. Жиын соңында А.Байтурова студенттерді қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуында жетістіктерге жетуіне тілектес екенін білдірді.

356 қаралым