Жарияланды: 27.11.2022

Жасөскіндер ата-ананың қарауынсыз қалмағаны абзал

Бүгінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көңіл көтеретін орындарда сайран салып жүретіндері жасырын емес.

Осыны негізге алған Түркістан қалалық полиция басқармасы мен Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы және “Адами әлеуетті дамыту” бөлімімен бірлесе отырып түнгі рейд өткізілді.

Дәстүрге айналған кезекті шара барысында ойын-сауық орталықтарында кәмелетке толмаған балалардың болмауын тағы бір тексеріп шықты.

Интернет клубтар түнгі мезгілде жасы 18-ге толмаған жасөспірімді кіргізбеуі керек. Ал, дәмханаларда жасөспірімдер ата-ананың қарауынсыз болмағаны абзал. Осы мәселелер кәсіпкерлік нысандарының иелеріне де ескертілді.

Түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталса, олардың ата-анасына айыппұл салынады. Мұндай рейдтік шаралар Түркістанда тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

 

308 қаралым