Түркістан облысына қарасты Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын 1 бас сиырының жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған. Ол сиырын Мақтаарал ауданы Ынталы елді мекеніне қарасты егістік алқапта жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл аймақтарын, егістік алқаптарын, бақташылардың сиыр баптайтын жерлерінің барлығын толық тексеріп шықты.
Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған сиыр небары 5 сағат ішінде 10 шақырым қашықтықта көрші ауылдан жайылып жүрген жерінен табылды. Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған сиырды тауып, өз иесіне табыстады.
Өз кезегінде малынан көз жазып қалған тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған қызметіне шынайы ризашылығын білдірді. «Мен, Қайрат Маханов, сиырымды жоғалтып алған болатынмын. Өз бетімше іздеп таба алмадым. Содан соң полицейлерге хабарласып, көмек сұрадым. Олар аз уақыттың ішінде сиырымды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Жұмыстарыңыз өрге баса берсін!»-деп, алғысын айтты.