Жарияланды: 27.11.2022

Әскери борышын абыроймен өтеп келген жастарға алғыс хаттар табысталды

 

 

Бүгін Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық орталық мәдениет үйінде аудан әкімдігі мен Қазығұрт ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскери-патриоттық іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы, Қазығұрт ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Тұрғынбаев Бақыт Рахматілләұлы және бөлім қызметкерлері, Ауған соғысы ардагерлері мен ауданымыздың жастары қатысты. Арнайы сөз сөйлеген Серік Алтынбекұлы, жастарды еліміздің қорғаны болуға, әскер қатарына баруға, ұлтымыздың нағыз патриоты атануға шақырып, өзінің әскердегі өмірінен әңгімелеп берді. Қазақстан Қарулы күштері қатарына барып, әскери борышын абыроймен өтеп келген бірнеше жас өрендерге аудан әкімінің алғыс хаттары мен «Қажымұқан қағанаты» атты өнегелі кітабын табыстады. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

 

341 қаралым