Отанын қорғау – әр азаматтың міндеті
Егемен еліміздің тізгінін ұстар, бойларында Отанға деген алау оты жалындаған, жасампаз елдің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Отын өшірмей, ошағын қорғау – әр азаматтың міндеті, ер жігіттің қасиетті парызы екендігін ұғындыру, еліміздің қарулы күштерін қуаттандырып, жастардың отансүйгіштік сана сезімін қалыптастыру мақсатында Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында «Айбынды жастар- Жаңа Қазақстанның тірегі» атты іс- шара болып өтті. Іс- шарада аудан әкімінің орынбасары С. Тұрсынқұлов, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ардагері, подполковник А. Батырбаев, ауған соғысының ардагері, аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Д. Медеуовтер өз ықыластырын білдіріп, Отанын, елін абыроймен қорғап келген сарбаздарға құрмет көрсетіп, марапаттады. Аудандық мәдениет сарайының халық театры мен әншілері жастардың рухын көтеретін сахналық көрініс көрсетіп, патриоттық әндерді орындады. «Балауса» халықтық би ансамблінің мың бұралған бишілері де өз өнерлерін тарту етті.