Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы Еңбекші ауылдық округінде полиция бөлімі және ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес түнгі рейдтік шаралар жүргізілуде.
Басты мақсат-кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайларынан тыс жерлерде-компьютерлік ойынханаларда, мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата-аналарды анықтап,тиісті шаралар қолдану.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді,заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға мүлдем темекі бұйымдарымен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген түнгі рейд барысында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталмады.