Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары медиация келісімін бекітті. Несие серіктестігі жауапкер шаруа қожалығынан қарыз ақшаны өндіруді сұраған. Бірінші сатыдағы сот шешіміне сай, талап қою толығымен қанағаттандырылып, шаруа қожалығынан 37 250 000 теңге қарызы, 1 117 500 теңге мемлекеттік баж және 750 000 теңге өкілге жұмсалған шығыны өндірілген.
Аталған соттың шешімімен келіспей жауапкер апелляциялық шағым келтірген.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы тараптарға дауды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқтаудың артықшылықтары түсіндірілді.
Нәтижесінде судьяның қатысуымен тараптардың араларында татуластыру рәсімдері жүргізіліп, олардың мүдделеріне сәйкес келетін дауды медиация тәртібімен реттеу туралы шарт жасалды.
Келісімнің шарты бойынша шаруа қожалығы талап қоюшы несие серіктестігінің пайдасына жалпы 26 000 000 теңге қарызын бір жыл ішінде бөліп төлеуге міндеттенді.
Сот алқасымен келісім бекітіліп, төленген 1 117 500 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.