Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық сотының төрағасы А.Шиндалиев пен аудандық билер кеңесінің төрағасы А.Исаевпен кездесіп, дауларды баламалы түрде реттеу мәселесін талқылады.
Сот төрағасы А.Шиндалиев кездесуде қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын сақтау, қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, медиатор институтын жандандырып, дауларды татуласу рәсімдерімен реттеу мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шараларға кеңінен тоқталды.
Аудандық билер кеңесінің төрағасы А.Исаев билер кеңесімен атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі қоғамда кеңінен орын алып отырған отбасылық зорлық-зомбылықты болдырмау, дауды сотқа дейін баламалы тәсілдермен реттеп отыруды арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдіріп, оған ауыл билері мен медиаторлардың белсене кірісу маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде нәтижесінде, алдағы уақытта дауларды баламалы тәсілдермен реттеуге қатысты іс-шараларды бірлесе ұйымдастыруға бағытталған меморандум жасалатын болды.