Жарияланды: 27.11.2022

Ақпараттық қамтамасыз ету және кадр мәселелері жөнінде семинар сабақтары өткізілді

 

Бүгін Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі Түркістан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ІІ-ші жартыжылдығының жұмыс жоспарына сай, аудандық және оған теңестірілген соттарының кеңсе меңгерушілері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмысты үйлестіруші мамандарына тәжірбиелік көмек көрсету мақсатында семинар сабағын өткізді.

Сонымен қатар, Персоналды басқару (Кадр қызметі) бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес конкурс өткізу қағидасына тоқталып, конкурсқа формалді түрде қатыспау жөнінде семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілерімен мамандары қатысты.

Іс-шара барысында Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ә.Серікбаев жалпы бөлім мен аудандық соттардың бірлесе отырып бұқаралық ақпарат құралдарында ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыс есебіне тоқталды. Есепке сай БАҚ-да жұмыс сапасын көтеруге бағытталған шараларды түсіндірді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоспарланған жұмыс айқындалып, мамандарды қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Персоналды басқару бөлімінің бас маманы Қ.Қалдыбеков мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидасына тоқталып, конкурстарға формальді түрде қатыспау жөнінде жеткізді. Атқарушылық, еңбек тәртіптерін ұстануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің Әдеп нормаларын қатаң сақталуы тиіс екенін түсіндірді.

 

 

 

361 қаралым