Жарияланды: 27.11.2022

«Әскери міндетті орындау» тақырыбында колледж студенттері мен кездесу өтті

 

Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы «Кентау қалалық медициналық колледжі» ғимаратында «Этносаралық келісімді сақтау және әскери міндетті орындау» тақырыбында колледж студенттері мен кездесу өтті.

Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тажибаев, қалалық «Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Абдувалиев, Кентау қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары майор Х.Алиякбаров, Кентау қалалық орталық мешіттің наиб имамы Д.Курбанкулов және студенттер қатысты.

Кездесу барысында этносаралық келісімді сақтау, жалған ақпараттарды таратудағы қолданыстағы заңдар және қазіргі таңдағы әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі жөнінде кеңінен ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

568 қаралым