Түркістан облысына қарасты Мақтаарал полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз 900 мың тенге астам несие алып, банкке қарыз еткен. Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында мақтааралдық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Ол жұмыссыз ер азамат болып шықты.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар.