Жарияланды: 27.11.2022

Өз құқықтарын қорғауына көмек қолын созады

 

Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауына көмек қолын созады.  Мәселен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 27-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардың (жұмыстың, қызметтің) белгіленген кепілдік мерзімі, сақтау мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде оның қауіпсіздігі үшін жауап беруге міндетті. Одан кейін ьұтынушылар тарапынан көп қойылатын сауалдардың бірі сапасыз өнімді қалай қайтаруға болады? Бұл үшін қандай дәлелдер қажет? Сапасыз өнімді қайтару үшін сіз сатушыға немесе ақаулы өнімді өндірушіге ауызша немесе жазбаша түрде хабарласуыңыз керек. Тауар үшін төленген ақшаны тұтынушыға қайтару кезінде сатушы (өндіруші) тауарларды толық немесе ішінара пайдалану, оның тауарлық түрінің жоғалуы немесе басқа да осыған байланысты жағдайларға байланысты тауарлардың құны төмендеген соманы олардан ұстауға құқылы емес. Сапасыз өнімді ауыстыру кезінде сол маркалы өнімге (модель, артикул) баға қайта есептелмейді. Келісімшарт бұзылғаннан кейін тұтынушымен есеп айырысу тауардың сатып алу кезіндегі бағасына қарай жүргізіледі. Сапасыз өнімді басқа брендтің (модельдің, артикулдың) өніміне ауыстыру кезінде, егер ауыстырылатын өнімнің бағасы айырбасқа ұсынылған өнімнің бағасынан төмен болса, тұтынушы бағалар айырмасын төлеуі керек. Егер тұтынушы қосымша төлемді төлеуден бас тартса, тараптар келісімшартты бұзады және тұтынушыға сатып алынған тауарлар үшін ақша сомасы қайтарылады. Ауыстырылатын тауарлардың бағасы айырбас ретінде берілген тауарлардың бағасынан жоғары болған жағдайда, баға айырмашылығы тұтынушыға төленеді. Бұл есептеулерде ауыстырылатын тауарлардың бағасы көтерілген жағдайда, оның бағасы сұраныс берілген кезде, егер баға төмендеген жағдайда — сатып алу кезінде қолданылады.

Сонымен қатар, заңгерлер қайтару кезінде сатушының тауарлардың құнының бір бөлігін тозуына немесе товарлық түрінің жоғалуына байланысты ұстап қалуға құқығы жоқ екенін атап өтті.

 

354 қаралым