Құқығын қорғау үшін шағым бере алады
Кез-келген азаматтың құқығы қорғалуы тиіс. Тұтынушының да. Тауарды қайтару – сіздер бізге өтініш жасаған кезде ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Түркістан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тұрғындардың сауалдарына жауап береді. Мәселен, Тиісті сападағы тауарды қайтару керек болады. Егер, мысалы, түсі, фасоны, өлшемі, жиынтықталымы және т.б. сізге сәйкес келмесе, тек келесі жағдайларда ғана азық-түлікке жатпайтын өнімдерді қайтаруға болады:
Сатып алынған өнімнің тауарлық түрі сақталған, сондай-ақ барлық пломбалары мен заттаңбалары орнында; сіз оны пайдаланбадыңыз; қолыңызда сатып алу фактісін растайтын құжаттар сақталған.
Қайтару үшін күнтізбелік 14 күн ішінде сатып алған жерге өтініш жасауға болады. Сатушы тауарды ауыстыруы тиіс, егер бағасы өзгеше болса, қайта есептеу жүргізіледі.
Егер сізге ақаулары бар немесе бүлінген тауар олар туралы ескертілмей сатылса, сіздің:
тауарға немесе оны тегін жөндеуге жеңілдікті талап етуге; тауарды қайтаруға құқыңыз бар.
Тиісті емес сападағы тауарды қайтару мерзімдері:
Егер тауардың кепілдік мерзімі болатын болса, сатып алушы ол аяқталғанға дейін сатушыға өтініш жасауға құқылы
Егер кепілдік мерзімі белгіленбеген болса, сатып алушы сатып алғаннан кейінгі екі жыл ішінде сатушыға өтініш жасауға құқылы
Егер кепілдік мерзімі екі жылдан аз болса, сатып алушы кемшіліктерді кепілдік мерзімінен кейін, бірақ екі жыл өткенге дейін анықтаған болса, егер сатып алушы сатып алғанға дейін тауардың сапасыз болғанын дәлелдеген жағдайда сатушы жауапкершілік көтеруі мүмкін
Онлайн сатып алынған немесе пошта арқылы жеткізілген тауарды қайтару мерзімі өнім сатып алушыға жеткізілген (тапсырылған) сәттен бастап есептеледі. Егер тауарды орнату немесе жинау қажет болса, онда есептеу дәл осы сәттен бастап басталады
Егер жеткізілген күнді белгілеу мүмкін болмаса, қайтару мерзімі өнім дайындалған күннен бастап есептеледі
Егер сіз тұтынушы құқықтарыңыздың бұзылуына тап болсаңыз, сіз сатушыға тікелей өтініш жасай аласыз. Егер сіздің өтінішіңізге жауап берілмесе, сіз e-tutynushy.kz платформасы, @kzpp_kz телеграм-боты немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтініш жасау арқылы шағым бере аласыз