Жуырда Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Нұржігітов Нұрсұлтан Қалибекұлы «Е-өтініш ақпараттық жүйесін қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің мамандары мен сот отырысының хатшылары қатысты.
Семинар барысында Н.Нұржігітов 2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақтанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленгенін баяндап өтті.
Семинар соңында Н.Нұржігітов «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланысты қамтамасыз етіп, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының сапасын бағалайтынын, мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі түрде талданатынын, бұл жазылудан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың біріңғай практикасын қалыптастыратынын айтып өтті.