Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы ПБ-нің жеке құрам қызметкерлері аудан аумағындағы жалпы орта мектептерінде «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу» мақсатында іс-шаралар ұйымдастырды. Аталған шара барысында Бәйдібек ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары аудандағы барлық білім беру мекемелерін аралап, кәмелетке толмағандарға және олардың заңды өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ондағы қозғалған басты мәселелер кәмелетке толмағандардың түнгі 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерде болуы, осы уақыт аралығында ойын және әртүрлі тыйым салынған клубтарда жүруі, себепсіз мектептен қалуына және сабақ уақытында әртүрлі күндік жұмыстарға шығуы мен кәмелет жасына толмағандардың көлік құралдарын жүргізуіне тыйым салынатындығы және жаяу жүргінші жол ережесін қатаң сақтауы керектігі жөнінде тағы басқа да ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері оқушылар тарапынан қойылған сауалдардың барлығына жауап беріп, жасөспірімдермен әңгімелесті. Алдағы уақытта да полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мұндай іс-шаралардың жиі өткізілетінін атап өтті.