Жарияланды: 27.11.2022

Әскер қатарына шығарып салу салтанатты рәсімі өтті

 

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының Мәдениет үйінде Ордабасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар-Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскер қатарына шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.

Атқарылған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А. Оралбаев, ауған соғыс ардагерінің төрағасы Е. Бектай, ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Есқараев, орталық Темірлан мешітінің имамы Әлжан Талап Тұрсынбекұлы, әскери жетекшілер, Ордабасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б.Ташпулатов және мекеме қызметкерлері мен аудан жастары қатысты.

Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.

Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы, көк аспанымыздың жарқырауы да – сіздерге байланысты. Сіздер әскери міндетті адал орындау арқылы кейінгіге үлгі боласыздар. Әскери борышты өтеу – сіздер үшін үлкен сын. Сол сыннан сынбай, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, абыроймен оралатындарыңызға сенім мол — деген аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев әскер қатарына шығарып салғалы тұрған болашақ сарбаздарға ақжол тіледі!

Сонымен қатар, жас сарбаздарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Есқараев және аудандық АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ, МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ төрағасы Е. Бекетай Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азаматтың міндеті екенін айтып, сәтті сапар тіледі.

 

373 қаралым