Жарияланды: 27.11.2022

«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

 

Түркістан облысының Әділет департаментінде нотариустардың, адвокаттардың, заң консультанттардың және сот орындаушылардың, департаменттің құрылымдық бөлімдерінің қатысуымен бірлескен «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.  Аталған шара аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығына арттыру мақсатында, мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде алимент өндіріп алу, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алуға қатысты заң көмегі көрсетілді. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Бұдан кейін аталған басқармада ҚР Әділет министрлігімен Apple inc. компаниясымен бірлесіп «Лицензияланған өнімді жалғандықтан қалай ажыратуға болады» вебинары ұйымдастырылды. Вебинар барысында спикерлер түпнұсқа өнімді жалған өнімнен қалай ажыратуға болатыны туралы Apple inc. компаниясының жұмыс принциптері және Қазақстан Республикасында Apple inc. компаниясының контрафактілік өнімін таратудың жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Вебинар қорытындысы бойынша контрафактілік өнімнің таралуына жол бермеу кезінде тығыз ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

593 қаралым