Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Е.Киргизов атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша келіп түскен арыз-шағымдардың санын азайту мақсатында азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдау барысында, сот актілерінің орындалуы бойынша борышкерлер мен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері, өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау, алимент өндіріп алу туралы құқықтық ақпарат бойынша азаматтарға кеңестер берілді. Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы С.Айтурееваның 2022 жылға арналған жеке жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылары мәртебесі туралы » Заңы бойынша атқарушылық іс жүргізу өндірістерінің орындалу шеңберінде іздеу жарияланған борышкерлерге қатысты Сайрам ауданының ішкі істер органдарының және жеке сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өтті.