Жарияланды: 27.11.2022

Әкімшілік құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында жиналыс өткізілді

 

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуында ҚР Президентінің  814 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сонымен қатар Мақтаарал ауданының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнама жүргізіліп, анализ қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуы керектігін ескертті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықбұзушылықтары бойынша Құқықтық статистика орталығының деректеріне талдау жасалып, алдын алу және болдырмау шараларын ұйымдастыру тапсырылды.

 

559 қаралым