Түркістан обысына қарасты Кентау қалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті. Сайыстың мақсаты – алғашқы әскери-қолданбалы спорт түрлері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, әскери қолданбалы спорт түрлерін одан әрі дамыту, оқушылардың әскери дайындық шеберлігін шыңдау, жастардың әскери борышын өтеуге құлшынбыру, бейбітшілік, бірлік, келісім ұғымын насихаттау, ұлтжандылық Отан сүйгіштік сезімін ояту болып табылады. Өз кезегінде, қолданбалы әскери спорт түрлері, басқалармен қатар, әскери қызметшілерде психологиялық тұрақтылықты тәрбиелейді, мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді және қызметтің сәтті өтуіне қажетті қасиеттерді ашуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған әскери-қолданбалы спорттық жарыстар негізінен әскери форманы пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Көбіне қызметкерлерге пәндерге қару-жарақпен және техникамен қатысуға тура келеді, бұл қосымша стрессті тудырады және жүктелген міндеттерді орындауды қиындатады. Жарысқа Кентау қаласының колледждері мен қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерден жалпы 22 команда яғни, 130 оқушы қатысты. Жалпы командалық есепте 1 орынға Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, 2 орынға Кентау гуманитарлық колледжі, 3 орынға Қарнақ жалпы орта мектебінің командалары иеленді.