Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен “Қызыл Ай” Қоғамының жанынан құрылған «Көмек» дағдарыс орталығы арасындағы меморандумға сәйкес Сарыағаш, Мақтарал, Жетісай, Сайрам, Түлкібас және Ордабасы аудандарының және Кентау, Түркістан қалаларында білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына оқыту семинарлары және де кәмелетке толмағандардың қатыгез физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, буллингтен зардап шеккен, туыстары мен бөтен адамдардың жыныстық қудалауынан зардап шеккендерге, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, психологтың есебінде тұрған тәуекел тобындағы жасөспірімдердің аутодеструктивті әрекеттері бойынша ата-аналармен және балалармен кездесулер өткізілуде.
Кездесуді Қызыл Ай Қоғамының жанынан құрылған «Көмек» дағдарыс орталығының директоры Малика Абдрашқызы мен врач психиатр, нарколог, сексопатолог, медицина психологы, медицина ғылымының кандидаты Киргизова Қарлығаш Шералықызы жүргізуде.