Жарияланды: 27.11.2022

11 әкімшілік хаттама толтырылды

 

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен бірлесе кезекті түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Негізгі мақсат балалардың қауіпсіздігі, түнгі уақытта себепсіз, үй-жайдан тыс ата-ананың еруінсіз, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ойын-сауық орталықтарында жүрген жасөспірімдерді анықтау. Рейд нәтижесі бойынша жалпы 11 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде түнгі 22.00-ден кейін, кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол бергені үшін ұйымдастырушы тұлғаға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды әрдайым қадағалауларын сұранып отыр.  

 

 

313 қаралым