Жарияланды: 27.11.2022

Нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу мақсатында үнпарақтар тарқатылды

 

 

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия, Ә.Жангелдин, Е.Молдабаев атындағы мектеп-интернаты, В.Комарова атындағы білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен кіші қызметкерлеріне «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Түсіндірме жұмысының барысында жеке құрам қызметкерлер арасында спирттік ішімдіктерді пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтың, отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы араздықтарға әкеп соқтыратын жанжалдарға жол бермеу, өз-өзіне қол жұмсаудың, нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу мақсатында ақпарат беріліп, үнпарақтар тарқатылды.

Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау, адам психикасына әсер етіп, жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін. Қазіргі өзекті мәселелердің барлығы — адамдардың немқұрайлы қарауы.

Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек.

Зорлық-зомбылықсыз ел болу үшін ең алдымен құқықтарымызды дұрыс білуіміз жане сауатты, парасатты, иманды ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Жиынға Арыс АПБ-нің ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова, «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің» сектор психологы К.Төлебаева, әлеуметтік қызметкері Н.Байғұтова қатысты.

 

513 қаралым