Түркістан облысы, Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Нұрлан Қырбасов, бөлім әдіскерлері А.Нұрмаханбетова мен Ә.Дарганова сынып жетекшілеріне арнап, семинар ұйымдастырды.
Төлеби ауданының Зертас ауылындағы Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектепте өткен семинарға аталмыш бөлім басшысының міндетін атқарушы Б.Тойлыбаев қатысты. Тренингте «Бестерек» жобасы бойынша сынып жетекшілер атқаратын жұмыстар, «психологиялық паспорт», сыныпта жағымды ахуал орнату, оқушымен тіл табысу тақырыбы аясында сөз қозғалды.
«Сынып жетекшілер шеберханасы» бөлімінде ата-аналармен жұмыс жүргізудің жаңа форматы туралы айтылса, ал топтарға бөлінген педагогтар өз идеяларымен бөлісіп, ұлттық құндылықтарымыздың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде сөз етті. Сондай-ақ, осы құндылықтарды сақтап қалудың жолдарын қарастырды. Семинар соңында аудандық сынып жетекшілер қауымдастығы құрылып, кері байланыс орнатылды.