Жарияланды: 28.11.2022

Қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.  Қазығұрт ауданы аумағында салынған әкімшілік айыппұлдарды ерікті түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын жандандыру мақсатында, ағымдағы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлері мен прокуратура бірлесе «Борышкер» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізуде. Сонымен қатар Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекенінің азаматы мас халде екінші рет көлік басқарғаны үшін ҚР Қылмыстың кодексінің 346 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Қазіргі таңда Уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның жазасы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылатындығы көрсетілген.  Қазығұрт аудан тұрғындары масаң халде автокөлік басқармауларыңызды сұраймыз. Алдағы уақытта іс-шара өз жалғасын табады.

 

498 қаралым