Түркістан қаласына қарасты Сауран АПБ-не, Шорнақ ауылының тұрғыны арызданып келді. Ол өзінің арызында инстаграм желісі арқылы “Б” есімді азаматшамен танысып, Қызылорда қаласынан Шорнақ ауылына дейін 40% жеңілдікпен тұрмыстық техникалар және алтын бұйымдарын тапсырыспен алдырып жол ақысына 23 500 теңге ақша аударатынын айтқан. Алайда осы уақытқа дейін ешқандай тұрмыстық техника және алтын бұйымдарын алмағанын көрсеткен. Келтірілген шығын мөлшері 23 500 теңгені құрайды.
Қазіргі таңда қылмыс бойынша күдікті Түркістан қаласының тұрғыны “Б” есімді азаматша анықталып, ҚР ҚК 190- бабы 1- бөлігімен қылмыстық іс жүргізілуде.