Жуырда Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік іс материалдарына сай, құқық бұзушы көлiк құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, 2022 жылғы 22 қарашада сағат 00.50 шамасында Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы даңғылы бойында көлiк құралын басқарған.
Бұған дейін, ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысымен 2022 жылдың 08 ақпанда көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Сондай-ақ, құқық бұзушы 2022 жылғы 6 мамырда ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынған.
Осыларға қарамастан көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адам бола тұра, көлiк құралын басқару әрекетін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
Әкімшілік іс жүргізудің қатысушысын тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, сот төмендегі тұжырымға келді.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 4-1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған 214 410 (екі жүз он төрт мың төрт жүз он) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.