Жарияланды: 28.11.2022

3 автокөлік айып тұрағына қойылды

 

 

Жер, мүлік салығын дер уақытында төлеп отыратын ұқыпты тұрғындар көп. Алайда берілген мерзімнен кешіктіріп жүретін ұқыпсыздары да жетерлік. Солардың кесірінен құқық қорғау органдары арнайы уақыт бөліп, шара өткізіп жатқаны. Тіпті кейде сотқа өтіп кететін жағдайлары да боп тұрады. Ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы прокурорының ұйымдастыруымен, Түлкібас ауданы бойынша жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салық берешектерін өндіріп алу туралы бірлескен жұмыс іс -шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылары, жеке сот орындаушылары, салық басқармасының, ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Ожан бөлек, Сайрам ауданында да аталмыш шара жалғасын табуда. Аудан прокурорының ұйымдастыруымен, жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салық берешектерін өндіріп алу туралы бірлескен жұмыс іс -шаралар жоспарына сәйкес,  Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылармен, салық басқармасының, ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар жалғасын тапты. Сайрам ауданы прокурорының ұйымдастыруымен, жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салық берешектерін өндіріп алу туралы бірлескен жұмыс іс -шаралар жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік сот орындаушылары, жеке сот орындаушылармен, салық басқармасының, ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар жалғасын табуда.

Бүгінгі рейдтің нәтижесінде, жеке сот орындаушыларының қаулысымен 3 автокөлік айып тұрағына қойылды.

 

316 қаралым