Жарияланды: 28.11.2022

Адвокат және нотариустың қатысумен кездесу өтті

ҚР Президенті Әкімшілігінің 28 қаңтардағы Үкіметке берген тапсырмасына орай, Әділет министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы N269 бұйрығымен «2022-2024 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президент әкімшілігімен, Премьер-Министрмен келісіліп және Бас Прокурормен бекітілген мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар кешенін іске асыру бағытында  Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің әкімшілігінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіліп, түсіндірмелік жұмыстар жеке адвокаттың, жеке дара нотариустың қатысуларымен өткізілді. Соңғы әлетте қоғамда алаяқтықтың алуан түрі таралған. Өзгенің сеніміне кіріп, қаржысын жымқыру ең көп жасалатын қылмыстардың қатарында тұр. Күн өткен сайын қаржы пирамидасының құрығына түсіп, алданушылар саны көбейіп барады. Заман ағымына қарай алаяқтық қылмысы сан түрленіп, мың құбылып тұр. Бүгінде нарық пен маркетингтің әліпбиін мықты меңгеріп алғандар «аңқау елге арамза молданың» кебін киіп жүр. Қоғамда табыс табудың түрлі жолдарымен қоса, алаяқтық жүйлердің бірқатар әдіс-тәсілдері шығып жатыр. Белгісіз компанияның не ұйымның сойылын соғатындар кейде халық сүйіктісіне айналғандардың атынан сөйлеп, халықты алдайды. Дегенмен алаяқтардың қақпанына түспеу үшін бүгінде құқық қорғау органы қызметкерлері жан жақты жүйелі дұмыстар атқаруда. Осы мәселе де талқы таразысына түсті.
Сонымен қатар, «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына сәйкес «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары туралы айтылып, кездесуге келгендердің назарына жеткізілді.

423 қаралым