Жарияланды: 28.11.2022

Іздеу жарияланған борышкерлерге қатысты дөңгелек үстел өтті

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы С.Айтурееваның 2022 жылға арналған жеке жұмыс жоспарына сәйкес,  Қазақстан Республикасының  «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылары мәртебесі туралы » Заңы бойынша атқарушылық іс жүргізу өндірістерінің орындалу шеңберінде іздеу жарияланған борышкерлерге қатысты Сайрам ауданының ішкі істер органдарының және жеке сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өтті. Борышкерге іздеу салу жөнінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 18-бабы белгілейді. Борышкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерді іздестіруді жариялау туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге міндетті. Бұл ретте атқару құжатының түпнұсқасы өндіріп алушыға қайтарып беріледі, ол атқару құжатын борышкердің жүрген жері анықталған кезде мәжбүрлеп орындатуға беруге құқылы, көшірмесі борышкер іздестірілетін кезеңде сот орындаушысының бақылауында болады. Борышкерді іздестіруді соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары және органдары  жүзеге  асырады. Сот шешімі бойынша қарызы бар адамдардың мекен-жайын нақтылау жөнінде полиция  қызметкерлері рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады екен. Өйткені, борышын қайтарудан жалтарып жүрген азаматтардың көбі тұрғылықты жерін өзгертіп жібереді екен. Қазіргі таңда  алимент төлеуден жалтаратындар саны көбейіп барады. Олар керек десеңіз сот шешімін орындаудан да қашқақтайды. Тіпті кейбіреулерінің бас сауғалап қашатыны өз алдына, жылдар бойы «көз көрмес, құлақ естімес» жаққа кетіп, бой тасалап, жасырынып жүреді, араларында іздеу жарияланатындары да баршылық. Ең өкініштісі сол, алимент төлеуден жалтаратындардың көбі, қалталарында ақшаның жоқтығынан емес, өз балаларына немқұрайлылық танытып, олардың алдындағы міндеттеріне бей-жай қарайтынында. Алимент алушы алименттің уақытылы төленбеуіне кінәлі адамнан алиментті төлеу жөніндегі міндетін орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыппұлымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы. Сот орындаушылары сот актілерін орындау үшін соттармен, құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік және тіркеу органдарымен тығыз жұмыс жасау арқылы ғана қол жеткізеді. Қазан айының соңынан бастап Сайрам ауданы прокурорының ұйымдастыруымен, Сайрам ауданы бойынша жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салық берешектерін өндіріп алу туралы бірлескен жұмыс іс -шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылары, жеке сот орындаушылары, салық басқармасының, ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

521 қаралым