Жарияланды: 28.11.2022

Тұрақтандыру жұмыстарын күшейту керектігі айтылды

 

 

 

Түркістан облысына  қарасты Шардара ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевтың қатысуымен мәжіліс өтті.  Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты қызметкерлері, құқық қорғау орган қызметкерлері және аудандық орталық аурухана қызметкерлері қатысты.  Олар атқарылған және атқаруға тиісті жұмыстар бойынша баяндама жасады. Мәжілісте күн тәртібіндегі үш мәселе қозғалды. Атап айтқанда, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жұмыстары бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Жантөреева, Шардара АПБ-нің ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны Г.Сәбден баяндама жасап, түйінді проблемаларды шешу жолдарын атап өтті. Сондай-ақ, екінші дәріханалық нашақорлық және синтетикалық есірткінің мектеп пен студент жастарға қаупі туралы аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы Б.Әбдімәлік, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Жантөреева, Шардара АПБ-нің ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны Г.Сәбден есеп берсе, үшінші әке институтын нығайту және отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін арттыру жөніндегі шаралар бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Жантөреева баяндама жасады.

Комиссия төрағасы Б.Шомпиев баяндама барысында көтерілген мәселелер бойынша жауаптыларға тапсырмалар беріп, отбасылық ахуалдарды тұрақтандыру жұмыстарын күшейту керектігін жеткізді.

 

418 қаралым