Жарияланды: 29.11.2022

Тегін оқуға түсіріп беремін деп алдап кетті

 

 

Бүгінде құқық қорғаушылар тарапынан алаяқтардан сақтану туралы алдын алу, түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де алаяқтардың құрған қақпанына түсіп қалатындардың қатары азаймай тұр. Күні кеше Түркістан қалалық полиция басқармасына  арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни, танысы 2021 жылдың ақпан айында «оқу орнына грантқа түсіріп беремін» деп сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркеді.

Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз әйел, Кентау қаласының тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Сондықтан облыс полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады.

 

 

 

 

482 қаралым