Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық сотымен С. қатысты әкімшілік іс қаралды. Жібек Жолы көшесінде шылым тұқылын белгіленбеген жерге тастады, яғни ортақ пайдалану орындарын ластады.
Сот отырысында С. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған. Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, ортақ қолданыстағы жерлерді, саябақтарды ластау және белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтар тастау, сондай-ақ, қоғам мен қоғамдық тәртіпті құрметтемеуді көздейтін тағы басқа әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы.