Жарияланды: 29.11.2022

Жол қозғалысын реттеу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылмақ

Жол қозғалысын реттеу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылмақ

 

 

Құқық қорғау саласының мамандары жол-көлік оқиғасына байланысты түйткілді мәселелерді назарға алып келеді. Кейінгі жылдары жол-көлік оқиғасы салдарынан адам өміріне қауіп күшейе түскен. Темір тұлпарды тізгіндеген азаматтардың бейберекет әрекетінен қайғылы жағдайлар орын алуда.

Ағымдағы жылы Түркістан-Шәуілдір бағытындағы автожол салу жұмыстары басталған болатын. Аталған жол бойында құрылыс жұмыстарын жасап жатқан ірі жүк көліктері жол ережесін бұзып, жол бойында жылдамдық асыру себептеріне байланысты аудан халқы тарапынан көптеп арыз-шағымдар түсуде.

Осыған байланысты Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөлімінің жол патрульдік полициясының қызметкерлері туындаған арыз-шағымдарды ескеріп жол құрылыс нысанының басына барып, ірі жүк көліктері жүргізушілерімен кездесті. Кездесу барысында, жүк көлік иелеріне жол ережесін түсіндіріп, талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша тиісті шаралар қолданылатындығын ескертті.

Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімінің мамандары бірнеше бағыттағы іс-шаралар негізінде заң бұзушылықтар анықтаған. Алдағы уақытта жол қозғалысын реттеу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылмақ.

 

 

 

379 қаралым