Жарияланды: 29.11.2022

Медиация тәртібімен іс тоқтатылды

 

 

Түркістан облысының Р. есімді азамат өзінің үйінде өзара туындаған бас араздық салдарынан өзінің заңды некедегі жұбайын жәбірленуші Г.О-ны ұрып-соққан.

Сот мәжілісінде Р.Е.Т өзіне тағылған кінәсін мойындап, өз ісіне өкініш білдіріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген негіздерді толығымен мақұлдап, орын алған оқиға бойынша жәбірленушімен сотқа дейін өзара медиатор арқылы жарасып бітімгершілікке келулеріне байланысты әкімшілік іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Жәбірленуші Г.О құқық бұзушы кешірім сұрағанын, өзара жарасып сотқа дейін, кәсіби емес медиатордың қатысуымен түзілген келісімге сәйкес, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Р.Е.Т-қа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша қозғалған әкімшілік іс өндірісі тараптардың өзара медиация тәртібімен татуласып бітімгершілікке келуіне байланысты ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде әкімшілік жауаптылықтан босатып, іс өндірісі тоқтатылды.

324 қаралым