Жарияланды: 29.11.2022

Әскери қызметке шақырудан жалтарғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі көзделген

 

Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында жиын өтіп, азаматтарды мерзімді әскерге шақыру бойынша атқарылған жұмыстар пысықталды. Жиынға аудандық мерзімді әскерге шақыру комиссиясының төрағасы аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары С.Бекмұратов, ауылдық округтер әкімдіктерінде әскери есеппен айналысатын мамандар қатысты. Күзгі әскерге шақыру қазан айының 1-нен басталғаны белгілі. Соған дейінгі уақытта барлық жерде осы күзгі әскерге шақырылатын азаматтарды жинап, денсаулық жағдайын тексеріп, дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. Жиында комиссия төрағасы А.Құлмаханов сала мамандарына азаматтарды мерзімді әскерге шақыру науқанында жүргізілетін жұмыстарға бағыт-бағдар беріп, күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының даярлығын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар сараланды.  Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін әскерге шақырылушылардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі көзделген. Атап айтқанда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 647-бабында шақырылушының шақыру бойынша белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз келмегені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделгендігін атап өтті. Қорғаныс саласының мамандары өз Отанына қызмет жасауға жауапкершілікпен қарап белсенділік танытуға шақырып отыр.

 

440 қаралым