Жарияланды: 29.11.2022

Мас халде көлік басқару, әкімшілік қамаумен аяқталды

Түркістант облысында Т. есімді азамат өзінің басқаруындағы «VOLKSWAGEN JETTA» маркалы автокөлігімен көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра спирттік ішімдік ішіп мас халде басқарғаны анықталған.

Сотта Т.Т өз кінәсін толық мойындап, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті мас халде басқарғанын бекіткен.

Т.Т-тің құқық бұзушылық әрекеті 2022 жылғы 28 қазан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, өзінің кінәсін мойындап берген түсініктеме түріндегі жауаптарымен, автокөлікті масаң күйінде басқарғаны жөніндегі 2022 жылғы 27 қазан медициналық куәландырудың қорытындысымен және іс бойынша жинақталған басқа да іс-құжаттармен толық дәлелденеді.

Т.Т Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баппен 20 /жиырма/ тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

 

359 қаралым