Жарияланды: 29.11.2022

Дауды бітіммен аяқтаудың тиімділігі жоғары

 

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарламасы бойынша: Әкімшілік істің алдын-ала тыңдауында, талап қоюшы Н. жауапкер жеке сот орындаушыға қойған талабында қаулыны заңсыз деп тануды сұраған.

Іс бойынша алдын ала тыңдау барысында, судья М.Онласов тараптарға дауды бітіммен аяқтаудың тиімділігін және де ӘРПК-нің нормаларына сәйкес, жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол берілетінін жете түсіндірді.

Нәтижесінде әкімшілік процеске қатысушылар аталған дауды медиация тәртібімен реттеуге ниеттерін білдірді.

Медиативтік келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер борышкерлер ЖШС-не және Н. жеке сот орындаушысының қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысының күшін жоюға міндеттеніп, талап қоюшы жауапкердің міндеттемесін қабылдап, талап қоюды соттан қайтарып алуға міндеттенді.

Сот медиативтік келісімнің шарттары заңға қайшы келмейтіндіктен, оны бекіту туралы шешім қабылдап, әкімшілік талап қоюды қайтарды.

Бүгінгі күнде сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

 

 

322 қаралым