Жарияланды: 09.11.2022

ЕЛІМІЗДІҢ ӘР АЗАМАТЫ ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ӨЗ ҮНІН ҚОСУ КЕРЕК

20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазір елімізде қызу үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Санаулы күндер қалды. Әр адам өз таңдауын жасайды.

Мен бұл сайлаудың болатынына қуандым және қолдаймын. Бұл – игі бастама. Жүрегінде «елім» деген патриоттық сезімі бар әрбір қазақстандық бұл сайлауда белсенділік танытуы тиіс. Себебі, Президент – елдің айнасы. Бізді әлем елдері Президент және оның атқарған жұмыстары арқылы таниды. Даму алдындағы үлкен бастама болғалы тұр. Жаңа Қазақстанның болашағы сіз бен біздің қолымызда. Дұрыс таңдау – кемел келешекке жол.

Саяси науқанға бейжай қарамай, өз дауысымыздың маңыздылығын ескеріп, бір кісідей қатысайық! Сіздің, оның және менің дауысым тек Президентті таңдамайды, ол Қазақстанның жаңаруы алдындағы бастамаға үлес қосатын үн болмақ. Мен сіздерді сайлауға қатысуға шақырамын.

Ерсұлтан ӘМІРБЕК,
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы

302 қаралым