Жарияланды: 01.12.2022

Жастардың қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырды

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға және отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған жастардың қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Отбасылық құндылықтар тақырыбында студенттермен кездесулер Сайрам ауданы Ақсукент кентінде орналасқан Қарабұлақ ауылындағы Д.Қонаев атындағы колледжде және көпсалалы колледжде өтті. Оларға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Абибуллаев Абдухамид, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметінің қызметкерлері және 150-ден астам студент қатысты.

Кездесу барысында полиция мен психологтар құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме өткізіп, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

 

513 қаралым