Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік медиатор мектебі» жалпы білім беретін мектепаралық байқауының облыстық кезеңі онлайн қашықтықтан өтті. Бүгінде медиация мектебін қалыптастыру күн тәртібінде тұр. Қандай да бір құқық бұзылған жағдайда келісімге келтіруде медиаторлардың алар орны ерек. Байқау 4 бағытта өтілді. «Жанжал және оны шешу» тақырыбында суреттер конкурсы. Мектеп медиациясы қызметтерінің логотиптер конкурсы. Мектеп медиация тақырыбындағы бейнефрагменттер конкурсы. «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы.
Байқау қорытындысы бойынша І орын иегері Түркістан қаласы, N28 IT лицей- мектеп оқушысы Битасова Сәтжамал,
ІІ орын иегері Н. Оңдасынов атындағы мамандандырылған Дарын мектеп- интернат оқушысы Русланқызы Алина,
ІІІ орын иегері Сауран ауданы М.Мұса атындағы жалпы орта бектеп оқушысы Рустем Алуа
Аталған оқушылар Турнирдің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздарды анықтап. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.