Жарияланды: 01.12.2022

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жиын өтті

 

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектебінде аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, ТІЖДО М.Астанова, қыздар комитеті төрайымы М.Қурбанбаева, мектеп медбікесі Д.Эшанкулова және «СРБ Қарабұлақ» ауруханасының әлеуметтік қызметкер дәрігері З.Жумешова, Ч.Хажиханова, Психологі С.Султанметовалар басшылығында «Қыз елдің көркі» атты 8-9-10-11-сынып оқушы қыздары мен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің алдын-алу, анықтау және болдырмау» бағытында өткізілген мекеме аралық хаттамасы негізінде, «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша жиналыс болып өтті.

Жиналысқа «СРБ Қарабұлақ» ауруханасынан әлеуметтік қызметкер дәрігерлері З.Жумешова, Ч.Хажиханова және Психологі С.Султанметовалар қыздармен сұхбат өткізу үшін жиналысқа қатысты. Дәрігерлер қыздарға ерте жыныстық қауіпінің әсері және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша не істеу керегі, оның өзекті мәселе екенін түсіндіріп, жасөспірім қыздардың жеке гигенасы, тазалық шараларын қалай жүргізу туралы толық айтып өтті. Жиналыста мектептің тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасары М.Астанова және қыздар комитеті төрайымы М.Қурбанбаевалар қыздар тәрбиесі туралы, мектеп формасы, тәртіп және тазалық туралы көп насихаттар айтып, ерте жүктілік және оның салдары, әрбір қыздың өмірі өздерінің келешегі үшін қымбат яғни денсаулықтарының жақсы болуы өздеріне байланысты екенін түсіндіріп өтті. Мектеп оқушылары қыздар комитеті төрайымы М.Қурбанбаеваны тыңдап, оған өздерінің жеке сауалдарын қойып отырды.

Қыздар комитеті төрайымы М.Қурбанбаева қойылған сауалдарға әр біріне жеке-жеке жауап беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушы қыздарымызбен өткен ашық диолог сұхбат өте күшті және мазмұнды болып өтті. Мектеп Парламентінің өзін-өзі басқару ұйымы мүшесі, Премьер министрі Ж.Хантораева «Қыз балаға қырқ үйден тию» тақырыбында шығарма жұмысы туралы айтып, өзара пікір алмасып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

 

561 қаралым